Көшпенділер өркениетінің мұрасы

Белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин  ағамызбен сұхбаттасуға бардым.  Қоғамдағы  саяси  мәселелерге қатысты  біраз әңгіме-дүкен құрған соң, саясаткердің жеке қызығушылығы жөнінде де сауал қойдым.  Ерлан мырзаның көзі жайнап  сала берді. Шамасы, Ерекеңе «Нұр Отан» партиясындағы  қызметінен де, саяси көзқарастарынан да   ыстық  өзге де құндылықтар бар сияқты. Ерлан Қарин  кәдімгі балбал тастарды зерттеуге қызығады екен. Өзінің  айтуына қарағанда ол кісінің  Қазақ жерінде барып, көрмеген балбал тастары кемде-кем сияқты. Маған көптеген фото суреттерді көрсетті. Бәрі тамаша. Бір қызығы  барлық балбал тастардың бейнелері бір-бірінен аумайды екен.  Ерекең  бұлардың біреуінің суретін  Маңқыстау жағынан, екіншісін Алтай жақтан,  үшіншісін Алатау бөктерінен, тіпті  кейбіреулерінің суретін  Монғолия жерінде түсіріпті. Оның айтуына қарағанда балбал тастар Қытайда,  Ресейде,  Өзбекстан мен Қырғыстанда, Қап тауларында да, тіпті Германияда да бар екен. Ерлан Қарин мырза бұл тастарға айырықша көзқараспен қарайтынын айтты.  Саясаттанушы «балбал тастар біздің бабаларымыз құрған өркениеттің  қандай өңірлерге дейін тарағандығын көрсететін белгілер. Біздің  бабалар  сол заманның өзге қауымдары сияқты  өз құдіреттерін  алып пирамида,  үлкен қорған, қамалдар  тұрғызумен дәлелдеуге ұмтылмаған. Олар пенденің күш-қуаты Жаратушының құдіретінің қасында тозаңға да татымайтынын түсініп,  тек ұрпағына  ұлан-ғайыр мекеннің кімдігі екендігін еске салатын осы балбал тастарды ғана қалдырған» деді. Ерекеңнен сұхбат алып шыққан соң, ойланып қалдым. Шынында да сол балбал тастар кездесетін  аймақтарға  бабалар иелік еткені өтірік емес-ау. Қытайды ұлы қорғанның артына қамаған да,  герман тайпаларын Еуропаға қуып барғандар да  біздің бабалар еді. Тіпті, «Балқан, Балқан, Балқан тау, ол да біздің барған тау…» дейтін  жыр жолдары да бар қазақта.  Кейде осы Балқан тау деген қазіргі Балкан түбегіндегі таулар емес пе, деп те ойлап қоямын. Печенегтер сияқты түркі тайпаларының  сол жаққа барғандығын тарихтан білеміз. Бірақ, өткен жылдары түркиялық археолог  Фахри Ышык  Грекия жерінен  ежелгі  Ликия  мәдениетіне тән жазбаларды тауып алған екен. Шамасы,  б.з.д 4,5 мың жыл бұрын жазылған сыңайлы.  Сол жазбадан ғалымдар «Біз  түркілермен  бірігіп перғауындармен соғыстық» деген сөйлемді  оқыпты. Сонда деймін, түркілер  әлемді 6 мың жыл билеген екен ғой. Тек қазір мына көрші  қытайлар оқулықтарындағы карталарға  «Балқашқа дейінгі жер біздікі» деп жазып, орыстар «біз болмасақ  сендер ел болмайсыңдар» деп жүргені  болмаса мәселе  бөлек болған сыңайлы. Айтпақшы, Ерлан Қарин «қазақ сезімтал халықпыз. Біздің  бойымыздағы осы  қасиет ұлтқа деген мақтанышты туғызады. Отансүйгіштікке баулиды» деген еді. «Өзге елдерден балбал тастарды кезедстіргенде кеудемді мақтаныш сезімі кернейді» деп тағы айтқан. Саясаткердің бұл пікірімен  іштей мен де келісе кеттім.

(Бірақ. мына суреттерді  интернеттен алдым)

2 жауап

  1. Иә Ерлан Қарин монголияға келген шаң-шаң боп тау тасты аралап балба іздеп табылғанын суретке түсіріп қайтқан..тағы келем деп кеткен.Келсін тосып жүрмін..

    Иә қазақтың саясат әлемінде жүріп баба мұрасын іздеген қазақ жігітін көріп қазақ елінің болашағына мақтанышпен нық сенім мен көз жіберген едім..

    Маған сенің анау қалың балбаны бір жерге жыйып түсірген суретің қызықтырды. Оны қай сайттан алдыңыз сілтемесін қосып тіркей аласыз ба?
    Менше Тува республика жеріндегі барлық балбаларды жыйнап бір жерге жыйған деген бір әңгіме естіген едім бәлкім солма деп тұспалдап тұрмын..сурет кішкене екен бірақ анау нағыз көк Туріктің көне балбалары екені айпарадай көрініп тұр.Балбалар орнында бір заңдылықтың белгісі шығар жұмбағы көп сырлы мұра..Көк Турік әлемнің тарихын шатастыру мақсатында отаршылдардың істегенін қарсы бәрін жұлып бір жерге қойыпты..міне өз шекара өз елінде болған соң қайдағыны істейдіде..Осындайда Ерлан Қариндей ұлт жанды ұлдарға сәтілік тілейсің де?

    Ал үстіндегі жалғыз сары өңді балба Баян-Өлгидің Сақсай өңіріндегі баққарағай балбасы екен таныдым.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.