Орта Азиядағы Түркі пирамидалары

     Негізі бұл менің жазбам емес, тек аудармам. «Пирамида» дегенде  Астанадағыны айтып отырған жоқпын. http://turk-media.info  сайтында жарық көрген бір материал жөнінде  сөз етпекпін. Мәселе, барлық түркі халықтарының бабалары мысырлықтардан бұрын-ақ  пирамида салғандығы жөнінде болып тұр. Сенсеңіздер де, сенбесеңіздер  де осы. Ал кеттік, аударып берейін… Continue reading Орта Азиядағы Түркі пирамидалары

«Я перегрызу горло любому за мой татарский язык!»

                                                                              Бұл менің сөзім емес. Бұл сөзді аударуды да  жөн көрмедім. Бәрібір, мән-маңызын түсінеміз ғой. Бұл сөзді  9 маусым күні Татарстан астанасы Қазан қаласында  орыс шовинистерінің татар тіліне қарсы акциясы кезінде, оларға қарата  татардың батыл қызы­-Эльмира Исрафилова айтыпты.  Татарстандық ТНВ телеарнасында қызмет жасайтын Эльмира  ана тіліне отаршыл елдің, кеудемсоқ  халықтың қысым жасауына жол бергісі келмеген татар патриоттарының бірі болса керек. Continue reading «Я перегрызу горло любому за мой татарский язык!»

Әріптестер, мерекелеріңіз құтты болсын!

Әдетте, маусымның соңғы жексенбісі  «Баспасөз, теледидар және  радио күні» деп аталатын, күнтізбеде қызылмен көрсетілмесе  де,  қалам ұстаған қауым үшін үлкен мереке. Бұл журналистердің  кәсіби мейрамы. Өздеріңіз білесіздер,  әкім-қаралар  апта бойы журналистерді құттықтап, сыйлық үлестіріп жатты. Қазір ел-жұрт  «Хабардағы» әріптес ағамыз Нұрлан  Окаұлының «НұрОтан» ХДП-ның «НұрСұңқар» байқауындағы ең құнды сыйлықты, Астанадан үш бөлмелі пәтер алғанын жыр қылып айтып жүр. Әйтеу,  жұрттың бәрі, дұрысы  журналистердің  бәрі көңілді. Қазір біраз жұрт табиғат аясына, Бурабай жаққа кетіп те қалған болар. Мейрамханаларда бас қосып жатқандар да аз болмауы тиіс. Әріптестердің еңбегінің жылына бір рет болса да еленіп,  елдің назары бізге ауғанына іштей  қуанасың. Бір-бірімізді құттықтап та  жатырмыз.

Бірақ, неге екенін қайдам  осы күндері онша көңілді жүрген жоқпын. Астанада өтіп жатқан, блоггерлердің семинар-тренингіне  де бармадым.  «Мінбер» орталығынан Есенгүл Кәпқызы мен Асхат Еркімбай осында  келгенін естігенмін. Қысқасы,  журналистердің кәсіби  мерекесінде жадыраған көңіл күйдемін деуге келмейді. Интернет те қызықсыз.wordpress-ті ашсам,  ешкім жоқ. Жым-жырт. Тотының, Асхаттың  соңғы жазғандарын  ғана оқыдым. Басқа көп ешкімді  байқамадым.  Шамасы,  мұның өзі менің көңіл-күйіме  әсер еткен шығар. Қалай болғанда да, блогқа бауыр басып қалыппыз. Қыз-жігіттердің  жазған-сызғандары  бәрібір  назарды  өзіне аударады екен ғой. Қазір,  жұртта  қалғандай болып отырған жайым бар. Дегенмен, көңілсіз әңгімемен бас қатырған  дұрыс емес шығар.

Сондықтан, кәсіби журналистерді де,  блоггерлерді де мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Қызметтегі һәм ғаламтордағы әріптестердің барлығына  табыс тілеймін. Қаламдарыңыз қарымды, ойларыңыз ұшқыр болсын!

Бір хаттың сыры

Өткенде кітаптарымды ақтарып отырып, Қаныш Сәтбаев пен  Әлкей Марғұланның мақалаларының негізінде құрастырылған «Обаған» деген кітапты тауып алдым. Бала кезімде оқығаным болмаса, кейінгі жылдары назар аудармаған кітап екен. Тақырыптары да қызықты. Дегенмен мен үшін ең үлкен «сый» әлгі  кітаптың ішінен шыққан хат еді. Бұл хат 1990 жылы ақпан айында  жазылыпты. Маған арнап жазылған екен. Ол кезде мен 3-сыныпта оқитын едім. Continue reading Бір хаттың сыры

Көшпенділер және «Қабыл мен Әбіл» хиқаясы

Әдетте, қазақты, тек қазақты ғана емес түрік халықтарының барлығын дерлік «көшпенділер»  дейтіні бар. Әрине,  ертеде ат құлағында ойнаған түрік  жұртының біраз  ұрпағы қалалар салып, отырышқы  тұрмысқа көшкендігі  белгілі жай. Шамасы,  Еуразия сахарасын мекендеген көшпенділердің  соңғысы қазақтар шығармыз. Бірақ, біз де ХХ ғасырда отырықшы тұрмысқа көшіп болдық. Тек  кейбір өңірлерде  жазда жайлауға күзде  күзеуге кететін аздаған  қазақтар болмаса, басқамыз қазір «жайлау, қыстау»  сияқты ұғымдарды  тілімізде ғана сақтап,  өмірімізде оны қолданбайтын болдық. Дегенмен, мені «осы көшпенділер қайдан пайда болды?»  деген сұрақ  мазалайтыны бар. Бәлкім, тарихшылар сан түрлі болжамдар айтатын шығар. Бәрінің де уәждерінің  орынды немесе ақылға  симайтын  тұстары кездесуі бек мүмкін. Дегенмен,   өз басым көшпенді және отырықшы тұрмысты  Құран Кәрім  хиссаларымен байланыстырғым  келеді де тұрады. Өйткені,  қияметке дейін сақталатын  кітапта айтылмаған мәселе сирек екені белгілі жай. Сондықтан,  көшпенділердің шығу тегі жайлы  мәселені  Құран кәрім хиссаларымен байланыстырып көрейін. Сөз жоқ, бұл қылығым үшін біраз діндарлар ренжитін шығар. «Қасиетті  кітапта ондай нәрсе жазылмайды» дейтін болар. Дегенмен де, өзімнің түсінгенімді қағазға түсіріп көрмекпін. Сонымен…  Continue reading Көшпенділер және «Қабыл мен Әбіл» хиқаясы

«Мықтың үйі» деген не болды екен ә?!

бесшатыр қорғаны "мықтың үйі" емесҚазақтың дүниетанымының кеңдігіне қайран қаламын. Қазекем,  бір тал шөптен бастап аспандағы жұлдыздарға дейін ат қойып,  олар жайлы  әфсаналар  шығарып кетсе керек. Біраз аңыздарды біз білеміз. Енді бір тобы тек зерттеушілерге ғана  таныс дүниелер. Дегенмен, өз басым бала  күнімде көп естіген, қазір де  ғалымдардың аузынан анда-санда құлғым шалып қалатын бір ұғым бар. Ол–«мықтың үйі» деген ұғым. Бірде, тағы ананы, мынаны айтып тұрғанда аузымнан осы  сөз шығып кеткені бар. Сол сәтте қасымда тұрған Тұрсын Жұртбай ағамыз елең ете қалған еді. «Әй, сен оны қайдан білесің? Жастардың аузынан бұл сөзді бірінші рет естіп тұрмын»  деген-ді. Ал, мен  болсам оны  көнекөз қариялардан естігенімді  айтқан едім. Алайда, нақты мәнін әлі ешкім ашып көрсете алмаған ұғым сияқты. Содан не керек, бұл ұғым туралы сұрастырып жүрмін. Әзірге,  бірнеше нұсқаны айтатын ғалымдар бар. Continue reading «Мықтың үйі» деген не болды екен ә?!