«Ала жіптен аттама!»

Бұл енді бәрімімізге таныс әңгіме. Әдеп пен тәрибенің шекарасы бұл. Әдетте, біз бұл ұғымды тек тәрбиелік мәселе ретінде ғана қарастырамыз. Нақылдың тарихы қай кезеңдерге баратындығына, бұған қатысты ырым-тыйымдармен шаруамыз жоқ. Меніңше, қазақтың «ала жіптен аттамау» деген қағидасы тек адамгершілік қана емес, танымдық да мағынаға ие тәрізді. Ала жіп көбіне ақ пен қара түстерден өріледі. Бұл дүниеде жақсылық пен жамандық, күн мен түн, ақ пен қара сынды жұптардың болатындығын, өмірдің өзі ала-құла болатындығын меңзесе керек. Оның үстіне ала жіпке қатысты қазақта «жыланнан қорыққан ала жіпті аттамас» деген сөз тағы бар. Демек, ала жіп жыланға да ұқсайды деген сөз. Continue reading «Ала жіптен аттама!»