Tag Archives: көшпенділер күнтізбесі

16231 жыл

Өткенде  жазушы Таласбек Әсемқұловтан сұхбат алуға барғанмын. Қазақтың мифологиясы туралы  біраз әңгіме-дүкен құрып, сұхбаттасқан соң,  басқа тақырыпқа  да бұрылып кеттік. Әрине, бейресми әңгімеде  біраз мәселені қаузадық. Соның ішінде менің назарымды аударған бір  мәселе болды. Ол қазақтың  күнтізбесі жөніндегі әңгіме  еді. Таласбек  ағамыз  түркі халықтарының  күнтізбесі сонау есте жоқ ескі замандарда-ақ жасалып қойғанын айтты. Тіпті, сол күнтізбе  бойынша  қазіргі уақыттың қай жыл екендігін де тілге тиек етті. Бірақ, бұл мәселені әлі зерттеп жүр екен. Сондықтан,  баспасөз арқылы бұл мәселені қозғауды жөн санамапты. Дегенмен, Таласбек ағамыз  түркі халықтарының ұғымы бойынша  биыл 16231(4) жыл болуы мүмкін екендігін айтты. Бірақ, нақты қай жыл екендігін толық анықтап үлгермепті. Сондықтан, үндемеуге бекінсе керек. Әрі 16231 ма, 16234 па соны анықтай қоймапты.  Әрине, мәдениеттану саласын бір кісідей зерттеп жүрген ағамыздың өз уәждері мен дерек-дәйектері бар шығар. Өз басым ол кісінің  зерттеп жатқан тақырыбының құпияларын ашқым келген жоқ. Бірақ,  тағы да  өзімнің логикаларым арқылы «неге түркі халықтарының немесе қазақтың күнтізбесі бойынша 16231(4) жыл болмауы керек?» деген мәселені қаузап көргім келді.  Өйткені, өзге жұрттың біразында  тасқа басылған күнтізбесі бар. Біздің халықта да 12 жылдық  циклге  құрылған  күнтібе  бар. Бірақ, әзірге нақты жазылған дерек  кездесе  қоймаған соң, көшпенділердің күнтізбесінің нақты  қай жылдардан басталатынын біле алмаймыз. Бірақ,  Таласбек Әсемқұлов айтқан  16231(4)  жыл  деген уәжді толық дәлелдемесе де,  сол межеге жақындататын бірнеше  логикалық  дәйегім бар. Негізі олар да менің сөзім емес, ел ішінде айтылатын әңгіме. Continue reading 16231 жыл